Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полиция қызметкерінің ұлы құрдасының жоғалтып алған телефонын қайтарып берді

СҚО-да полиция қызметкерінің ұлы құрдасының жоғалтып алған телефонын қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алғыс айту күніне орай Петропавлда ерекше оқиға болды. Ювеналдық полиция қызметкері мен оның 6-сыныпта оқитын ұлы көшеден смартфон тауып алған. Оның иесін анықтау үшін олар біраз тер төккен.

Тайыр Аманжол – Петропавл қалалық ПБ ювеналдық полиция бөлімшесінің қызметкері Тимур Бимаковтың ұлы. Ол Қазақстан Конституциясы мен Пушкин көшелерінің қилысындағы төселген тастардың үстінен қар арасында жатқан Xiaomi телефонын тауып алған. Бұл туралы бірден әкесіне айтқан. Телефонның қуаты таусылып қалған екен. Әкесі оны іздеген адамдар қоңырау шалуы мүмкін екенін айтып, оны қуат көзіне қосуға кеңес берді. Көп ұзамай бұл гаджет Тайырдың құрдасы Добрыня есімді ұлдыңкі екені белгілі болды. Бірінші болып мұғалімі хабарласқан. Кейін Тимур Бимаков Добрыняның анасымен байланысқа шығып, қалалық полиция басқармасында кездесуге келіскен.

Анықталғандай, алтыншы сыныптағы Добрыня Н.Погодин атындағы орыс драма театрына дайындыққа бара жатқанда телефонын түсіріп алған. Балалардың төс қағыстырып кездесуі Алғыс айту күніне тұспа-тұс келді. Екеуі бірден әңгіме-дүкен құрып, сөйлесе кетті. Добрянының анасы полиция қызметкеріне ризашылығын білдіріп, ұлын нағыз ер азамат етіп тәрбилеп жатқаны үшін алғысын айтты.

– Адамдардың көбісі тауып алған телефонды алып кетеді немесе қосалқы бөлшектер ретінде сатып жібереді. Баланың бұндай адал әрекеті жайлы барлығы білуі тиіс деп ойлаймын, – дейді риза болған ана.

Тимур Бимаковтың екі ұлы бар. Тәртіп сақшысы оларды заңды құрметтеуге тәрбиелейді. Тайыр № 6 орта мектептке білім алып жүр, спортпен айналысады. Өскенде әкесінің жолын қуып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, адамдардың құқықтарын қорғауға өз үлесін қосқысы келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру