Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полиция қызметкерлері марихуананың рекордтық салмағын жойды

СҚО-да полиция қызметкерлері марихуананың рекордтық салмағын жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл осы жылғы есірткіні жоюдың алтыншы рәсімі. СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері оларды комиссия мен жұртшылық өкілдерінің қатысуымен өткізеді. Бұл жолы отқа 460 келіден астам марихуана мен гашиш салынды. Бұған сәуір айының соңында СҚО-да есірткі жеткізу арнасының жолын кесу жөніндегі арнайы операция нәтижесінде алынған соңғы 10 жылдағы рекордтық партия кіреді. Акцияға облыстық әкімдіктің Жастар ресурстық орталығының еріктілері шақырылды. Олар мүдделі қызметтер мен мемлекеттік органдар өкілдерінен тұратын комиссияның қалай жұмыс істейтінін көрді. Міндетті бейнетіркеу кезінде есірткі жеткізілген қаптамалардың тұтастығы тексерілді, өртенгеннен кейін екі данадан тұратын акт жасалды.

– Еріктілер — полиция қызметкерлерінің сенімді көмекшілері. Биыл олар нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу бойынша 30 түрлі іс-шараға қатысты. Есірткіні жою рәсіміне қатысу – полиция мен қоғамның өзара іс-қимылының тиімділігін көзбен растау мүмкіндігі саналады, – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Жыл басынан бері СҚО полицейлері заңсыз айналымнан 500 келіден астам түрлі есірткі заттарын тәркіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру