Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Абайлаңыз, балалар!” ЖПІШ: Атырау облысында 800-ден астам құқық бұзушылық анықталды

Атырау облысында “Абайлаңыз, балалар!” жедел-профилактикалық іс-шарасының екі күнінде 800-ден астам құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы аумағында 15-31 мамыр күндері аралығында балалардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын нығайту, жол үстіндегі қауіпсіз жағдайларын қалыптастыру бағытында “Абайлаңыз, балалар!” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Аталмыш шараның мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер жарақатын азайту және балалар арасында жол қозғалысы ережесін насихаттау.

Іс-шара басталған екі күн ішінде 826 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде, қиылыстардан өту ережесін бұзуға қатысты – 40, жаяу жүргінші өтпесінен өту ережесін бұзу – 149, балаларды тасымалдау ережесін бұзу бойынша 53 дерек анықталған. Балаларды тасымалдау ережесін бұзуға қатысты тіркелген 53 деректің 27-сі балаларға арналған орындық қолданбау болған. Ал 34 дерек көлік құралының тоқтау ережелерін бұзуға қатысты тіркелген.

Бұл іс-шара 31 мамырға дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру