СҚО-да психологтар полицейлерге бірқатар тренинг өткізді
Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері психологтардың жетекшілігімен ашық аспан астындағы тренингтерге қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тренинг Мамлют ауданының әйгілі ащы-тұзды Минкесер көлі маңында өткізілді.
Жедел уәкілдер, тергеушілер, патрульдік, учаскелік офицерлер — бір апта ішінде тренингтерге барлық полиция қызметі мен бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты. Ұйымдастырушылар мен тәлімгерлер рөлінде Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті тәрбие және кадр жұмысы басқармасының тәжірибелі инспектор-психологтары сөз сөйледі. Сабақтың мақсаты – ұйымшылдық, есте сақтау және қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған.
Тұрақты емес кесте жағдайында қарқынды жұмыс істейтін полиция қызметкерлері командалық білім беру жаттығуларынан өтті. Көл жағасындағы бейресми жағдайда бұл сабақтар ерекшелікке ие болды. Сабаққа қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, мұндай іс-шаралардың маңызды және өте қажет екенін атап өтті.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті тәрбие және кадр жұмысы басқармасының психологы ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ләззат Мұрталимованың айтуынша, тимбилдингпен нығайтылған тренингке қатысушы топтардың бірінің командасында үйлесімді жұмыс істеу дағдыларын сабақтан кейін бірден қолдануға мүмкін болды. Минкесерден облыс орталығына оралғанда полицейлер жаңбыр астында қалып, автобус пен көліктер балшыққа батып қалды. Аудандық полиция басшылығы мен ауыл тұрғындарының көмегімен автокөліктер ауыр техниканың көмегімен шығарылып, содан кейін тренингке қатысушылар қалаға аман-есен оралды.