Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да ҚАЖ қызметкерлері арасында волейболдан турнир өтті

СҚО-да ҚАЖ қызметкерлері арасында волейболдан турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыз мейрамын тойлау құрметіне, сонымен қатар моральдық-психологиялық климатты қалыптастыру және қолдау мақсатында жеке құрам арасында салауатты өмір салтын насихаттау және дамыту, мекеме қызметкерлер тобы мен Якорь ауылының мемлекеттік органдарының командалары арасында ЕС-164/9 мекемесімен волейбол жарысын ұйымдастырылып, өткізілді.

Жарысты өткізу міндеттері салуатты қарым-қатынасты қалыптастыру, дене шынықтыру-бұқаралық жақсарту, сауықтыру және спорттық жұмыстар, мекеме қызметкерлерінің денсаулықты нығайтуда дене шынықтыру мен спорттық дайындықты кеңінен қолдану, сондай-ақ аурушандықты азайту болды.

Төрешілер алқасының құрамына СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/9 мекемесінің өкілдері кірді, Якор және Пеньков ауылындағы орта мектеп мұғалімдері, сонымен қатар Якор ауылдық округі әкімдігінің өкілдері. Жарыстың ашылуында құттықтау сөзін ЕС-164/9 мекемесі бастығының міндеттерін атқарушы Дархан Қабденов сөйледі.

Турнирде I-ші орынды Пеньково орта мектебінің командасы жеңіп алды, екінші орын Якор орта мектебінің командасына бұйырды, үшінші орынды Якор ауылдық округі әкімдігі қызметкерлерінің командасы иеленді. Соңғы орынға ЕС-164/9 мекеме қызметкерлерінің командасы жайғасты.

Жүлдегерлері бар команда мен үздік деп танылған ойыншылар кубок пен мақтау қағаздарымен марапатталды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру