Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен 600-ден астам қылмыс ашылды

Солтүстік Қазақстан облысында қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен 600-ден астам қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан полициясында 21 қызметтік-іздестіру иті бар: 11 неміс және алты бельгиялық овчарка, үш орыс спаниелі, бір лабрадор-ретривер. Олардың иіс сезгіштігі із алу, патрульдеу, одорологиялық сәйкестендіру (иіс бойынша тану), есірткі мен жарғыш заттарды іздеуде қолданылады.

Есірткі бизнесіне қарсы күресте қызметтік-іздестіру иттері таптырмас көмекшілерге айналды. Бір жылдан бері полицейлер иттерді жаңа синтетикалық есірткілерді іздестіруге үйретіп келеді. Есірткі түрлерінің құрамындағы негізгі заттардың иіс имитаторлары сатып алынды. Енді иттер өсімдік тектес есірткілермен қатар, синтетикалық түрін де оңай анықтай алады. Жыл басынан СҚО-да “дизайнерлік уды” сатумен айналысқан “веб-дүкендердің” ұйымдастырушылары екі рет ұсталды. Ұстау қызметтік-іздестіру иттерінің қатысуымен өтті.

Жақында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мефедронды таратқан күдіктінің ұсталуы туралы айтып берді. Бұл есірткі аса қауіпті синтетикалық есірткіге жатады, оны қолданғаннан кейін ағзада қысқа мерзім ішінде шіру үрдісі басталып, жүйке жүйесі бұзылады. Күдіктіден алынған заттың жалпы салмағы шамамен 40 грамм. СҚО-да бұрын соңды мефедрон алынбаған.

– Дей тұрғанымен, инспектор-кинолог полиция лейтенанты Болат Бекмағамбетовтің жетекшілігімен лабрадор Белла міндетін жақсы орындап шықты, – деді СҚО ПД Кинологиялық қызмет орталығының бастығы Самат Төлебаев. – Пәтерде іздеу жұмысын жүргізу кезінде ол жасырын орынды анықтап, СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бес грамнан аса ерекше иісі бар ақ түсті зат салынған полимерлік пакетті алып шықты. Бүгінгі таңда Белла есірткіге қарсы күрескерлердің алдыңғы қатардағы көмекшісі, ол есірткі желісін іздеу бойынша әрбір үшінші жағдайда пайдаланылады.

Жалпы бұл ең сұранысқа ие жұмыс бағыты. Жыл басынан полицейлердің төрт аяқты көмекшілері есірткі және психотроптық заттарды іздеуге 141 рет тартылды. Иттердің қатысуымен 602 қылмыс ашылды, оның 288-і ұрлық, 14-і тонау, тоғызы есірткінің заңсыз айналымы саласында орын алған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру