Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда тәртіп сақшылары медициналық бетперделер таратты

Полиция қызметкерлері азаматтар арасында карантин кезінде санитарлық және гигиеналық нормаларды сақтау қажеттілігі туралы жол бойы мен қоғамдық орындарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция экипаждары, жаяу патрульдер қызметі қалада карантинді қамтамасыз етудің осы кезеңінде түсіндіру жұмыстарына бағытталған.

– Карантин кезінде кейбір азаматтар, өкінішке орай, жеке қорғанудың қарапайым әдістерін ұстамайды және қоғамдық орындарда, көшеде серуендеу кезінде, медициналық бетперделерді кимейді, әлеуметтік арақашықтықты сақтамайды. Әркімнің қауіп-қатердің әлі сейілмегенін және қорғану құралдарының инфекцияның таралуын азайтуға септігін тигізетінін түсінуі маңызды. Қандай да бір себептермен медициналық бетпердесіз жүрген азаматтарға инспекторлар бұл атрибутты кию қажеттігін еске сала отырып, оларды ұсынады. Мұндай жұмыстар облыстың барлық аудандарында жүргізілуде, – дейді Алматы облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Данияр Мендебаев.

Бір күн ішінде полицейлер қала тұрғындарына 500-ге жуық медициналық бетпердені табыстады.

Сондай-ақ ұнауы мүмкін

Жауап қалдыру

Электрондық почтаңыз жария етілмейді.