Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да Қызылжар ауданының екі тұрғынынан полицейлер кептірілген қарасора мен тіркелмеген қаруларды тәркіледі

СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қызылжар ауданының екі тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Олардан тіркелмеген екі атыс қаруы мен бір килограмға жуық кептірілген қарасора тәркіленді.

Басқарма қызметкерлеріне орманда жұмыс істеп жатқан Қызылжар ауданының 26 жастағы тұрғынында тіркелмеген атыс қаруы болуы мүмкін деген ақпарат келіп түскен. Тексеріс кезінде аталған ақпарат расталды: күзетшілер үй-жайында тіркелмеген тегіс екі ұңғылы шүріппелі мылтық анықталып алынды. Бұдан бөлек, сол жұмысшыда салмағы 0,7 кг кептірілген қарасора партиясы тәркіленді. Дәл сол күні Новоникольское ауылында аталған жұмысшының 51 жастағы әкесі тұратын үйдің қоймасында полицейлер «ТОЗ-8» маркалы тіркелмеген ойықты шолақ мылтықты анықтады. Ұсталғандар бұрын сотталмаған, жауап алу кезінде олар мылтықты жуырда тауып алғандарын және оны қажет болып қалар деген оймен сақтаған.

Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі бойынша енгізілді. Алынған заттар сот-баллистикалық және сот-химиялық сараптамасына жіберілді. Ауыл тұрғындарына қатысты келуге міндеттелу түріндегі бұлтарптау шарасы тағайындалды. Қажетті тергеу және процессуалдық әрекеттер жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру