Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Темір тордың ар жағындағы құрақ көрпе

Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты қауіпсіздігі барынша жоғары, қатаң режимдегі ИЧ 167/4 түзеу мекемесіндегі нәзік жандылар ұлттық өнерді дамытуға өз үлестерін қосуда, – деп хаабарлайды Polisia.kz.

Мекемедегі 67 әйел арнайы жабдықталған тігін шеберханасында қазақтың құрақ көрпесі мен түрлі нақыштағы ою-өрнекпен көмкерілген ұлттық киімдер және де қазіргі таңда көп қолданыстағы түрлі бұйымдарды, қыз жасауларын, бесік жабдықтарын өз қолдарымен жасап шығуда. Қапастағы қас шебердің қолынан шыққан қолөнер бұйымдары көптің назарына ілігіп, қазіргі таңда сатылымға шығуда.

Жазасын өтеуші 16 жылға бас бостандығынан айырылған Гүлмира Кисигованың қолынан шыққан кестелі бұйымдарына қарасаң көз тоймайды. Оның айтуынша, мұндай тігін шебері болуды, бұрын соңды ойлап та көрмеген. Өзіне берілген жазаны өтеу үшін темір торға қамалған соң 10 айлық курсты оқып қазір соның жемісін көруде.

– Бұл жерде уақыт тектен-текке өтпейді білім алып, теолог мамандар мен психологтардың да сабағына қатысамыз. Істі болған әйелдердің басым бөлігі жаман әдеттерінен арылып, қалған өмірімізді шындықпен, отбасында, ошақ қасында өткізгіміз келеді, – дейді жазасын өтеуші.
– Мен сотталған азаматша болсам да жүрегімгің төрінде қазақ екенімді мақтан тұтамын. Осында үйренген ісімнің шарапатын қалыпты өмірге қайта оралған соң көретініме кәміл сенімдімін, – дейді Гүлмира Кисигова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру