Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда қашып жүрген алаяқтыққа күдікті ұсталды

Атырау полицейлері 2018 жылдан бері іздеуде жүрген алаяқтық қылмысқа күдікті 35 жастағы қала тұрғынын қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2018 жылы қараша айында полицияға арызданған азамат қаладағы тегершік жөндеу орталықтарының бірінде өзі дұрыс танымайтын азамат келіп, көлік және контейнер сатамын деп сеніміне кіріп арыз иесі мен оның танысынан 400 мың теңге ақшаны қолма-қол алып кеткен. Келем деген уәделі уақытында да, одан кейін де, телефон қоңырауларына жауап бермегеннен кейін, өздерінің алданғанын түсініп полицияға арызданады.

Атырау қаласы Полиция басқармасының жедел уәкілдері алдымен қылмысқа күдікті 1985 жылғы азаматтың жеке басын анықтады. Тексеру кезінде, оның өзіне тиісті емес, біреудің мүліктерін сатпақшы болғаны да белгілі болды.

ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктіге іздеу жарияланды.

Жақында полицейлер екі жылдан бері бой тасалап қашып жүрген Атырау тұрғыны көршілес БҚО Орал қаласында ұсталды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру