Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда полицейлер үш қылмыс жасаған 55 жастағы күдіктіні ұстады

Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде тәртіп сақшылары 55 жастағы күдіктінің жеке басын және тұрған жерін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оған қатысты қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

– Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында түрлі қылмыс жасады деген күдікпен Талдықорған қаласының 55 жастағы тұрғыны анықталып, құрықталды. Бүгінде ол үш дерек бойынша істеген қылмысын мойындап отыр. Бұл ұрлық, көлік ұрлығы және алаяқтық. Күдікті қылмыстық әрекеттерін адамдардың сеніміне кіріп оңайшылықпен жасап отырған. Қазіргі уақытта күдікті Талдықорған қаласы ПБ Ұақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, – деп түйіндеді Талдықорған ҚПБ ШПБ бастығы Қайрат Баймұханов.

Осы орайда полицейлер тұрғындарға қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді және алаяқтардың қулықтарына түспеулерін ескертті. Осындай жағдайға тап болған жағдайда дереу полицияға хабарласу керектігін айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру