Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖ комитеті: сотталғандардың кездесуіне қайта рұқсат беріледі

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2020 жылғы 20 тамыздағы №49 қаулысына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде сотталғандардың туыстары және жақындарымен кездесуі үшін дайындық шаралары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Бұл шара мекемелерде кездесудің қайта берілу дайындығына баға беретін аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық қызметтермен бірлесіп атқарылуда. Коронавирус инфекциясының жұқтыру қаупінің әлі де бар екенін ескере отырып, ұзақ мерзімді кездесулер бір ғана ересек адамға, ПТР-тестілеудің теріс қорытындысы болған жағдайда беріледі және анализ нәтижесінің берілгеннен мерзімнен бастап бес күннен аспауы тиіс. Бұл ретте қысқа мерзімді кездесулер барлық санитариялық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып әдеттегідей тәртіпте берілетін болады, – дейді ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының міндетін атқарушы Есқали Саламатов.


ҚАЖ комитетінің хабарлауынша, Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес ұзақ мерзімді кездесулер екі тәуліктен аспайды және алдын ала жазылу арқылы ұйымдастырылады. Ұзақ мерзімді кездесуден шыққан сотталғандар 14 күндік карантинге орналастырылып, өзге адамдардан оқшауланады. Бұл шаралардың барлығы сотталғандардың ауруды жұқтырмауы үшін және колонияларда тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтау мақсатында қабылданып жатыр.
Еске салсақ, кездесулер тоқтатылған уақытта телефон және бейне байланыс арқылы сөйлесулерге жағдайлар жасалған. Осы уақыт аралығында сотталғандарға 18 мың бейнебайланыс, 350 мыңға жуық телефонмен және ұзақтығы 15 минутты құрайтын бейнесөйлесулер берілсе, бес мыңдай адам ұзақтығы екі сағаттан бейнекездесулерге мүмкіндік алған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру