Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған 21 адам бас бостандығынан айыру орындарына қайтарылды

СҚО-да жыл басынан бері шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған 21 адам бас бостандығынан айыру орындарына қайтарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Белгіленген шектеулерді бірнеше мәрте бұзу, алкогольді ішу және қоғамдық орындарда адамдардың мазасын алу: өткен жылдың тамыз айында шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған 39 жастағы петропавлдық осындай бұзушылықтарға жол берген. Әр жолы полиция қызметкерлері оның осы секілді бұзушылықтары шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың тоқтатылуына алып келуі мүмкін екенін ескертіп отырған. Нәтижесінде сот тәртіп сақшыларының өтінішін ескеріп, ер адамды бас бостандығынан айыру орындарына қайтарды. Енді ол қалған бір жылдан астам жазасын өтейді. Бұл облыста өтіп жатқан “Есепте тұрған” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында болған.

– Аталмыш іс-шара шеңберінде есепте тұрған тұлғалардың барлық санаттарын тексеру күшейтілді. 15 мамырдан бастап 1643 адам тексерілді, оның 369-ы – шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар. Олардың ішінде белгіленген шектеулердің 26 бұзушылығы анықталды. Айта кету қажет, жыл басынан соттар полиция қызметкерлерінің шартты түрде мерзімінен бұрын босату шектеулерін бұзған 21 адамға қатысты өтінішін қолдады, олардың барлығы бас бостандығынан айыру орындарына жазасын өтеуге оралды. Сондай-ақ формальді түрде әкімшілік қадағалауға жататын 14 адамның тарапынан өрескел бұзушылықтар анықталды. Бұл ауыр қылмыстар үшін жазасын өтеген адамдар. Соттар полиция қызметкерлерінің өтініштерін қолдады, бұл адамдарға әкімшілік қадағалау орнатылды, олардың мінез-құлқына белгілі бір талаптар қойылды, – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Есепте тұрған тұлғаларды үнемі тексеріп отыру қылмыстың, оның ішінде қайталап қылмыс жасаудың алдын алуға бағытталған. Облыс полициясында барлығы 1705 адам профилактикалық есепте тұр. Іс-шара кезінде әрқайсысын тексеру жоспарланған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру