СҚО-да сотталған әйел отбасын құрды
СҚО-да сотталған әйел отбасын құрды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО-да сотталған әйел Қозы Көрпеш – Баян Сұлу ғашықтар күні мерекесінде отбасын құрды. Сания СҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЕС-164/6 мекемесіне ұрлық жасағаны үшін 4 жылға сотталған.
– Мен Дәулетпен ортақ достарымыз арқылы таныстым. Танысқан уақытта ол астанада тұрды, мен СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінде жазамды өтеп жаттым. Дәулет менің суретімді достарымнан көріп, маған кездесуге келе бастады. Бірнеше рет қысқа мерзімді кездесуге келді, таныстық, сөйлестік. Біз бір жылдан астам уақыт сөйлестік, таксофон бойынша да хабарласып тұрдық, жақында ол маған ұсыныс жасады, гүл сыйлады. Бұл өмірімдегі қуанышты күндердің бірі болды. Менің бұрынғы некемнен балаларым бар, мен балалардың толыққанды отбасында өскенін қалаймын. Мен әйелмін, мен де қолдау мен жылуды сезінгім келеді. Мен оның қасында өзімді еркін сезінемін. Дәулет өте сабырлы, мейірімді адам. Менің ойымша, ол менің балаларым үшін жақсы әке бола алады. Қазір мен 35 жастамын, ол 41 жаста. Біз онымен аптасына бір рет 15 минут қоңырау шалу арқылы байланысып тұрамыз. Ол маған кездесуге келеді. Әрине, мен оның маған ұсыныс жасайтынын күттім. Себебі ол алғаш келгенде, бірден маған жанашырлық, қамқорлық көрсетті. Ол мені күтетінін айтты. Менің мерзімімнің соңына дейін тағы 3 жыл бар. Біздің некеміз осындай жарқын мерекеде тіркелгені мен үшін үлкен қуаныш. Бүгін мен өзімді шын бақытты әйел ретінде сезіндім, – дейді сотталған Сания.
– Мекемелерде некеге тұру сирек жағдай емес. Көптеген жағдайларда бас бостандығынан айыру орындарында жасалған неке сотталғандарға оң әсер етеді. Олар сотталғанды мерзімінен бұрын босатуға ынталандырады, – дейді СҚО бойынша ҚАЖД бастығы Рустан Ахметжанов.
Осы жылы Солтүстік Қазақстан облысының мекемелерінде сотталғандар арасында төрт неке қиылды, оның бірі осы әйелдер колониясындағы қиылған неке.