Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық жігіт полиция қызметкерлеріне алғыс хат жолдады

Алматылық жігіт полиция қызметкерлеріне алғыс хат жолдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Үндеу авторы 23 жаста. Ол – Алматы қаласы Медеу ауданының тұрғыны.

Жас жігіт өз үндеуінде полиция қызметкерлеріне алғысын білдіріп, олардың кәсіби жұмыстарын атап өтеді.

– Бұл өз халқына, бейбіт тұрғындарға қызмет етіп, қорғап борыштарын өтейтін адамдар. Солардың арқасында тыныш ұйықтап, бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Қаңтар оқиғасындағы полиция қызметкерлерінің ерен мінез-құлқын атап өтейін, олар өздерінің батылдығы мен ержүректігін тағы бір рет дәлелдеді. Мен кез келген уақытта тәртіп сақшыларына көмекке келіп, олардың кез келген бұйрығын орындауға дайынмын. Халықты, бейбіт тұрғындарды қорғау үшін мен бәріне дайынмын! Бізді қорғап, көмектесетіндеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін! Сіздерге үлкен рақмет, – деді үндеу авторы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру