СҚО-да сотталған ҚАЖ қызметкерлеріне жала жапқаны үшін 5 жылға сотталды
СҚО-да сотталған ҚАЖ қызметкерлеріне жала жапқаны үшін 5 жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысында алғаш рет облыстың ЕС-164/1 мекемесінде (тергеу изоляторы) жазасын өтеп жатқан сотталған СҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлеріне қатысты жала жапқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
М. есімді сотталған аса ауыр қылмыстар («Кісі өлтіру», «Қарақшылық», «Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оны басқару», «Қорқытып алушылық») үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылды, оның 7 жылын өтеген.
Мекемеге келген сәттен бастап сотталған әртүрлі құқық қорғау органдарына мекеме қызметкерлері және басшылығы оған дене жарақатын салады, адамның қадір-қасиетін түсіретін басқа да әрекеттер жасайды және одан ақша талап етуде деп белсенді түрде өтініш жаза бастады.
Аталған фактілер бойынша сотталған М. Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасына, СҚО ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасына, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментіне әртүрлі өтініштер жазған. Мекеме қызметкерлеріне қылмыстық іс қозғалды, бірақ ол қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.
Сотталғанның мәлімдемесінде жазылған фактілер өзінің растауын таппады, өйткені олар бейнебақылау камералары мен қызметкерлердің бейнежетондарынан алынған жазбалармен теріске шығарылды. Сонымен қатар, бейнекамералардан алынған жазбалардан сотталғанның өзіне дене жарақатын салғаны көрініп тұрды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотталған М.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 419-бабының 3-бөлігінде (Адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр, аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен көрінеу жалған сөз жеткізу) көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады, ол бойынша Петропавл қалалық соты үкім шығарды және бес жылға бас бостандығынан айыруға жаза тағайындады.
ҚР ҚК-нің 60-бабының 1,4-бөлігі негізінде үкімдердің жиынтығы бойынша М. жазасының өтелмеген бөлігін ішінара қосу арқылы қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесінде жазасын өтеумен 23 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза айқындалды.
Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысының мекемелерінде 1400-ден астам сотталғандар жазасын өтеуде.