Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Несиені өзім жабамын”: Семейде алаяқ танысын 500 мың теңгеге қарызға батырып кеткен

Семейде алаяқ танысын 500 мың теңгеге қарызға батырып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыз айының ортасында Семей қалалық Полиция басқармасы Әуезов ПБ “102” жедел арнасына 19 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді, ол 20 жастағы танысына микрокредиттік ұйымнан 500 мың теңге несие алып бергенін айтқан. Жәбірленушінің айтуынша, танысы несиені өзім жауып отырам деп уәде берген екен.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні қолға түсірген, одан жауап алу барысында қаскөй кінәсін мойындаған.

Оған қатысты келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы бойынша екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру