Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да сотталғандар арасында үстел ойындарының жарысы өтті

СҚО-да сотталғандар арасында үстел ойындарының жарысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ЕС-164/3 мекемесінде сотталғандар арасында шахмат пен шашка ойындарынан жарыс өткізілді. Жарысқа 110 сотталған азамат қатысты. Қатысушылар ойын ережесін сақтап, бір-біріне сыйластық білдіріп, ұстанымдылық көрсетті, өйткені әр жасаған жүріс жеңіске немесе керісінше ұтылысқа әкелетінін білді.

Осындай жарыс түрлері мекеме қабырғасында жиі өткізіледі, себебі сотталған азаматтардың ой-өрістері мен ойлау қабілеттерін дамытуға көмектеседі.

Өткізілген сайыстың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған сотталғандар мекеме басшылығымен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру