Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да учаскелік инспектор 30 жыл бұрын міндетін атқару кезінде қаза тапты

30 жыл бұрын СҚО-да учаскелік инспектор міндетін атқару кезінде қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екінші тамыз күні милиция учаскелік инспекторы Алексей Щербаковтың соңғы кезекшілігіне шыққанына отыз жыл болды. Офицер жанжалқойды тыныштандырмақ болып, міндетін атқару кезінде ауыр жарақат алған.

Щербаковтың қанға боялған көйлегі, жұмыс дәптері мен марапаттары, оның ішінде Совет Одағының үкіметтік наградасы – “Жеке ерлігі үшін” ордені облыстық полиция музейінің экспонаттарына айналды. Жас полиция қызметкерлері экскурсияда милиция майорының кешкі сағат ондар шамасында Жұмысшы кентіне шақыруға шыққаны жайлы білді. Бұрын сотталған үй иесі әйелі мен көршілерін ұрып, ұстарамен жарақат келтіргені жайында сигнал келіп түскен. Сөзге көнбеген жанжалқой милиционерге жеті жарақат салған. Дәрігерлер офицердің өмірі үшін күні-түні арпалысады, алайда, ажал аузынан аман алып қала алмайды.

Бүгінгі таңда Алексей Константиновичтің есімі ерлікпен қаза тапқан қызметкерлерге арналған мемориалдық тақтада қашалып жазылған. СҚО ішкі істер органдары тарихында мұндай сегіз оқиға орын алған. Аққайың ауданының Смирново кентіндегі көшелердің бірі жерлестерінің есімімен аталады. 2017 жылы Алексей Щербаков оқыған мектеп қабырғасына мемориалдық тақта орнатылды.

Милиция майорының артында жұбайы мен екі кішкентай қызы қалды. Сол кеште әкесі ауруханадан қоңырау шалып, қыздарының біреуінің қажетті заттарын алып келуін өтінген, Наталья осы жолы әкесінің алғашқы рет жұмысы туралы ақтарыла айтқанын еске алады.

– Ол үйге келген кезде жұмысын тыста қалдыратын, – дейді Наталья. – Біз жұмысында не болып жатқанын білмейтінбіз.

Қылмыспен күресуде алдыңғы шепте жүрген учаскелік полиция инспекторлары жақындарын алаңдатпас үшін жұмыстары жайлы айта қоймайды. Дей тұрғанмен, тәртіп сақшылары үшін қауіп азаятын емес. Наурыз айында масаң күйдегі петропавлдық полицей Жанат Мұхамеджановқа кеңсе пышағымен жарақат келтірген. Жыл басынан СҚО полицейлері құқық бұзушылар тарапынан қоқан-лоқы көрсетудің, өздерін агрессивті ұстаудың, зорлық-зомбылық көрсетудің 11 жағдайымен бетпе-бет келген, оның ішінде отбасындағы жанжалқойлар мен мас адамдардың төбелестері туралы сегіз шақыртуға учаскелік инспекторлар барған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру