Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы терминал бұзушыларды залалсыздандырды

Арнайы іс-шара жедел қызметкерлермен кеше кешке қала аудандарының бірінде өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дүкендердің кіреберістерінде орнатылған төлем терминалдарын бұзып, сол жерден ақша алған екі ер адам ұсталды.

– “Қылмыстық дуэттің” ізіне түсер алдында жедел, арнайы және іздестіру шаралары кешені жүргізілді. Күдіктілер – 1989 жылы туған Н.есімді және 1988 жылы туған Ш.есімді азаматтар. Екеуі де бұрын мүліктік қылмысы үшін сотталған. Тергеудің осы кезеңінде олардың терминалды бұзу және сол жерден ақша ұрлаудың тоғыз эпизодына қатысы бар екендігі дәлелденді. Тергеу аяқталғанға дейін ұрлықтардың тізімі көбейіп кетуі мүмкін. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар мойындау түсініктемесі беруде. Сотталушылардың жеке басы осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Спикер, қаскөйлердің тек тұрғындар көп жүретін жерлерде (дүкендер мен сауда үйлері) орнатылған терминалдарға қызығушылық білдіргенін атап өтті: сатушылар клиенттерге қызмет көрсетумен айналысып жатқанда, ұрылар бірнеше минут ішінде құрылғыларды ашып, ақшаны алып кетіп отырған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру