СҚО-да ұрланған астықты қайтаруға көмектескен учаскелік инспекторға алғыс білдірді
СҚО-да ұрланған астықты қайтаруға көмектескен учаскелік инспекторға алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл ауданындағы ауылшаруашылық құрылымдарының бірінің директоры жаңа астық өнімін ұрлауды жедел ашқан учаскелік полиция инспекторына алғыс білдірді.
22 қыркүйек кешке аула бойы тексеру кезінде тәртіп сақшысы Азат Әнуарбек 16 қап астық тиелген қолдан жасалған шанағы бар Урал мотоциклімен 36 жастағы ауыл тұрғынының ауласына кіргенін байқаған. Ауыл тұрғыны оларды қайдан алғанын түсіндіре алмаған. Оның комбайн бункерінен астықты ұрлауға тікелей қатысы бары анықталды. Кәсіпорындағылар қылмыс туралы бейхабар болған. Ұрланған астықтың салмағы 800 келі, келтірілген шығын сомасы – 120 мың теңгені құрайды.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Бұдан бөлек, ауыл тұрғыны мотоциклді қайта жабдықтағаны және оны басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, онда тиісті жүргізуші санаты болмағаны анықталды.
Кәсіпорын директорының СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдиновтың атына жазған хатында ұрланған астықты қайтаруға қолұшын берген учаскелік инспекторға алғыс білдірген.
– Астық науқаны кезінде аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері «Астық» жедел-профилактикалық іс-шарасы режимінде жұмыс істеді. Оның мақсаты — астық жинау кезеңінде астық, ауылшаруашылық техникаларына арналған қосалқы бөлшектер, жанар-жағармай және гербицид ұрлығының жолын кесу мен ашу, – дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.