СҚО-да жеке тұрғын үй секторында жылыту пештері тексеріліп жатыр
Солтүстік Қазақстан облысына суық ауа райы келгеннен бері полиция мен ТЖД қызметкерлері жеке үйлер жылыту пештері тексеріліп жатырбойынша рейдтерді жүргізе бастады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Подгора, Копай, Жұмысшы кенті және Петропавлдың басқа да аудандары – құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен құтқарушылар тұрғындарға пешті жылыту мен электр құрылғыларын пайдалану ережелерінің қауіпсіздігі туралы еске салды. Пештің тазартылмаған түтін мұржасы, ұшқындар мен көміртегі тотығы, ескі сымдар орны толмас апатқа әкеліп соғуы мүмкін. Күлдің алдындағы еден металмен немесе асбестпен жабылуы керек, сонымен қатар құбырды ыстыққа төзімді материалмен қамтамасыз етілуі керек. Пешті назардан тыс қалдырмаған жөн – бұл кейде жұмыс істемейтін отбасылар тұратын үйлерде болады.
– Олардың тұрғылықты жеріне баруға учаскелік полиция инспекторлары ерекше назар аударды. Осылайша, отбасылық тұрмыс саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың, мас күйінде заңдылықты әртүрлі бұзушылықтардың алдын алу қатар жүргізілді. Полицейлер мен құтқарушылардың бірлескен жұмысы тұрақты негізде жүргізілетін болады, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқарма бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.