СҚО-да жол-көлік оқиғаларының алдын алу шаралары күшейтілді
Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жолды тарылту әдісін қайта қолданды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Бескөл ауылы маңындағы ипподром тұсында орналасқан Жезқазған – Петропавл автожолының қарқынды учаскесіне ақ-сары түсті конустар орнатылды.
Республикалық маңызы бар автожолдар қауіптілігі жоғары аймақтарға жатады. Облыс аумағында жыл басынан бері тіркелген әрбір бесінші жол-көлік оқиғасы дәл осы жолдарда орын алған. Барлығы 100 жол-көлік оқиғасының 19-ы зардап шеккендермен тіркелген. Жалпы, үш ай ішінде өңір жолдарында 15 адам қаза тапқан, оның 13-і жылдамдық жоғары тасжолдарда болған.
Жолды тарылту шарасы жүргізушілердің назарын арттыруға, жол қозғалысы тәртібін күшейтуге, жылдамдықты шамадан тыс асыру мен агрессивті жүргізудің алдын алуға бағытталған тиімді тәсілдердің бірі болып табылады. Тәртіп сақшылары көлік құралдарын іріктеп тексеріп, жүргізушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Полицияның бұл бағыттағы жұмысы жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігін арттыруға және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.
