Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзудың алдын алу бойынша 10 күндік акция басталды

СҚО-да жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзудың алдын алу бойынша 10 күндік акция басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасымен 14 қыркүйектен бастап «Жол-көлік оқиғаларын тоқтатайық!» акциясы өткізілуде. Акцияның мақсаты – жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзудың алдын алу және жол-көлік оқиғаларын ескерту.

Жыл басынан бері өңір жолдарында 193 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан 25 адам қаза тауып, 287 адам жарақаттар алды. Жол-көлік оқиғаларына жүргізілген талдау олардың басым көпшілігінің орын алуына жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзуға жол берген жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің тәртібінің төмендігі себеп болғанын көрсетті. Жол-көлік оқиғаларының санын азайту мақсатында, полицияның саптық бөлімшелері зардаптары ауыр тікелей әсер ететін өрескел бұзушылықтардың жолын кесуге ерекше назар аударады. Жыл басынан облыста жол жүрісі қағидаларының 46 мыңнан астам бұзушылығы анықталды. Көлік құралын мас күйде басқарған – 762 және көлік басқару құқығынан айырылған 217 жүргізуші ұсталды.

– Жол-көлік оқиғаларының санын азайту мақсатында, «Жол-көлік оқиғаларын тоқтатайық!» облыстық акциясы өткізілуде. Аталған іс-шараның өткізілуі барысында полиция жасақтары, әсіресе ауылды жерлерде күшейтілетін болады. Жол қозғалысының қатысушылары жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауы қажет. Акция 24 қыркүйекке дейін жалғасады, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Әне-міне дегенше күзгі жауын-шашын да келеді. Сондықтан полиция қызметкерлері жүргізушілерден балалар мекемелерінің жанында жылдамдықты барынша төмендетуді сұрайды. Жаяу жүргіншілер, мүмкіндігінше, «зебра» арқылы өтер кезде қолшатырларды түсіріп, капюшондарды мен құлаққаптарды шешуі тиіс. Ашық түсті сыртқы киім киген абзал. Балалардың сөмкелері мен күртешелеріне жарық қайтарғыш элементтерді бекітуге болады, бұл автокөлік жүргізушілеріне балаларды жолда жаңбырлы күндері және тәуліктің қараңғы уақытында көруге көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру