17 келіден астам есірткіні дайындаған екі жамбылдық ұсталды
17 келіден астам есірткіні кептіріп, дайындаған екі жамбылдық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Қарасора-2022» жедел алдын алу іс-шараларын өткізу барысында Байзақ ауданы Жақаш ауылындағы жол бойындағы егіс алқабында Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Байзақ АПБ ЖПҚб және КПб қызметкерлерімен бірлесіп 33 және 34 жастағы жергілікті екі тұрғынды анықтады.
Полицейлер ер адамдарды есірткі қолданып отырған жерінен ұстады. Бұл деректі медициналық куәландыру растады.
ВИДЕО МҰНДА
Ұстау орнында жақын маңдағы аумақты тексеру кезінде жалпы салмағы 17 келі 478 грамм кептірілген марихуана және 145 гр 26 мгр гашиш табылды.
– Ұсталғандар кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған бап 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді,-деп хабарлады Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Асқар Жұмабеков.