Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да жыл басынан 762 жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды

СҚО-да жыл басынан 762 жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мас күйде көлік тізгініне отыратын көлік жүргізушілері өз өмірлеріне ғана емес, айналасындағы жол қозғалысының басқа да қатысушыларының өміріне де қауіп төндіреді. Жол қауіпсіздігі бойынша акциялар мен рейдтік іс-шаралар кезінде полицейлер жол жүрісі қағидаларының өрескел бұзушылықтарын, оның ішінде көлікті мас күйде басқару фактілерін анықтауға баса назар аударады.

Мысалы, “Жол-көлік оқиғаларын тоқтатайық” акциясы барысында түскі уақытта Абай көшесінде спирттік ішімдікпен масайған күйінде 36 жастағы қала тұрғыны басқарып келе жатқан Volkswagen Jetta автокөлігі тоқтатылды. Тексеру барысында анықталғандай, көлік оның жанында отырған 37 жастағы досының атына тіркелген. Екі ер адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды: біреуі мас күйінде көлікті басқарғаны үшін, екіншісі – көлік тізгінін мас күйдегі адамға бергені үшін.

– Сот шешімімен оларға 15 тәулік түріндегі мерзімге әкімшілік қамау қолданылды, сонымен қатар олар 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Жыл басынан облыста мас күйде рөлге отырған 762 жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды. Жол қозғалысының барлық қатысушыларына айтарымыз: мас жүргізуші – қауіпті қылмыскер. Жыл басынан облыс жолдарында мас жүргізушілердің кінәсінен 16 жол-көлік оқиғасы орын алды, онда 6 адам қаза тауып, 14 адам жарақат алды. Мас күйде көлік басқару фактілерінің жолын кесу – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша негізгі міндеттердің бірі, — дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру