Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО мекемелерінде індеттің таралмауының алдын алу жұмыстары жалғасты

СҚО бойынша ҚАЖД “ЕС-164/3 мекемесі” РММ аймағында коронавирус індетінің таралуын болдыртпау және ескерту мақсатында мекеме қызметкерлерімен іс-шаралар жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Коронавирус індетінің таралуын болдыртпау бойынша түсініктемелік жұмыстар жүргізу мақсатында жеке құрам мен сотталғандардың келу орындарында ақпараттық материалдар дайындалды және орнатылды.

Мекеме қызметкерлерімен іс-шаралар жүргізіледі: жеке құрам арасында санитарлық-танымдық жұмыстар, жеке гигиенаны сақтау және ғимаратты зарарсыздандыру құралдарымен өңдеу бойынша сотталғандар үшін дәрістер. Жаппай адамдардың келу орындарында  ғимараттарды дымқыл жинау ұдайы жүргізіледі (залалсыздандыру құралдарын пайдаланумен күніне екі рет). Эпидемиологиялық маңызды объектілерінің барлық ғимараттарында кварцтік құрылғы орнатылды.

Қарау бөлмесі залалсыздандыру құралдарымен, тері зарарсыздырғыштармен, респираторлармен, бір реттік халаттармен, қорғау көзілдірігімен, қолғаптармен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ мекемеге кірер кезде автокөліктерді өңдеу жүргізіледі. Мекемеге кіру кезінде медициналық қызметкерлермен жеке құрам мен мекемеге келуші тұлғалардың дене температурасын тиіспесіз өлшеу жүргізіледі .

Мекеменің медициналық бөлімінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жеті орынға короновирус індетіне күдікті тұлғаларды, 32 орын қарым-қатынаста болған тұлғаларды оқшалау үшін жұқпалы изолятор жабдықталған.  

Эпидемиологиялық маңызды объектілерді зарарсыздандыру құралдарымен өңдеу бойынша мекеменің дезинфекторымен жұмыстар ұдайы жүргізіледі. Мекеменің дәріханасы вирусқа қарсы, қызуды түсіретін дәрі-дәрмектермен, антибиотиктермен, тері антисептиктермен, бетперделермен, бір реттік қолғаптармен, бір реттік халаттармен қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру