Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-ның үздік криминалисі республикалық байқауға қатысты

СҚО-ның үздік криминалисі республикалық байқауға қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қар үстіндегі мылтық пен патрондар, бұзылған құлып, арқасына пышақ сұғылған өлген адамның манекені – СҚО үздік криминалисі Сергей Матвеевтің астанаға ала барған презентациялық ролигіндегі реквизиттер. ҚР ІІМ жедел-криминалистикалық бөліністерінің қызметкерлері арасында кәсіби байқау өткізді.

Байқау жаңа форматта ұйымдастырылды. Алғашқы кезеңде шешендік қабілеттерін ашатын бейнетаныстырулары, құзыреттілігі, айналысатын істері бағаланды. Одан кейін заңнамадан білімдерін тексеру үшін тест өткізілді. Екінші кезеңде ұрлық, ЖКО жасалған, адам өлтірілген имитация жасалған орындарды қарау кезіндегі практикалық тапсырмаларды орындады. Байқау нәтижесі бойынша С. Матвеев төртінші орынды еншіледі.

– Облыс атынан лайықты өнер көрсеттім деп ойлаймын. Үздік үштіктен кейінгі орынға ие болдым, меніңше жақсы жетістік. Бастысы жеңіс емес, маңыздысы – қатысу. Криминалистика әрдайым өзін-өзі дамытуды талап етеді, ал мұндай іс-шаралар мамандығымыздың мәртебесін арттырады, одан әрі кәсіби өсуге ынталандырады, – дейді ол

36 жасар Сергей Матвеев 14 жылдан бері криминалист болып жұмыс істейді. Жеке ісінде 64 алғысы бар, оның ішінде атыс қаруын пайдаланумен орын алған қаржы полициясы бастығының орынбасарын тапсырыспен өлтіруді ашуға қатысқаны үшін Ішкі істер министрінің 2014 жылы берген марапаты да бар. Дактилоскопия, трасология, құжаттарды техникалық зерттеу, баллистика, суық қаруды зерттеу сияқты 5 түрлі криминалистикалық зерттеулерді өткізуге рұқсаты бар. Сондай-ақ геномдық зерттеулерді және одорологиялық тексерулерді жүргізу сертификатына ие. СҚО ПД Жедел-криминалистикалық басқармасының тәжірибелі қызметкерлерінің бірі ретінде жас полицейлерге сабақ өткізеді, өз білімімен бөлісіп, әдістемелік нұсқаулықтар әзірлейді.

– Мен әрқашан ізденіс үстінде жүремін. Криминалистердің жұмысынсыз қанша қылмыстың ашылмай қалатынын елестету қиын. Өз жұмысымды және департаментімнің жұмысын көрсетуге мүмкіндік берген байқау ұйымдастырушыларына алғысымды білдіремін, – дейді Сергей.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру