Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО ПД бастығы полицейлердің аналарына алғыс білдірді

СҚО ПД бастығы полицейлердің аналарына алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан полициясының көктемгі іс-шараларының бірі – түбегейлі жаңа форматта өтті. СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің әйелдерімен, нәзік жанды қызметкерлердің аналарымен және полицияда кемінде екі ұлы қызмет атқаратын адамдармен кездесті. Солардың бірі – Тайынша ауданында ұстаз болған, зейнеткер Қалампыр Ибраева. Оның жұбайы Мәулі полицияда қызмет атқарған, ол 1999 жылы, 44 жасында қайтыс болды.

Оның артынан із жалғастырушы төрт ұлы қалды. Олардың үшеуі тағдырды полициямен байланыстыруға шешім қабылдаған. Енді әкесінің салған жолы бойынша қызметті учаскелік инспектор Ерлан Ибраев, Ғ.Мүсірепов ауданының полиция бөлімі бастығының орынбасары Дәурен Ибраев және Ержан Ибраев – тергеуші лауазымында жалғастырып жатыр.

Ерлан Мәуліұлы екі жыл бұрын өрт кезінде адамды құтқарғаны үшін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан “Ерлігі үшін” медалін алды. М. Жұмабаев ауданының тұрғыны Зейнезайып Әбішеваның үлкен ұлы Саян 2017 жылдан бастап ІІО зейнетке шыққан. Енді ұлы Ерген мен немересі Жалғас қызметті жалғастыруда. Ал бұрынғы тергеуші Күлбарам Бәкенованың ізімен бүгінде қызы Диана полиция департементінде қызметте. Ол Петропавл қаласы ПБ тергеу бөлімінде жұмыс істейді. Екі айтулы күн — Алғыс айту күні мен Халықаралық әйелдер күні арасында облыстың бас полицейі Айдын Қабдұлдинов қайтыс болған қызметкерлердің әйелдері мен қызметкерлердің аналарына, қоғамға қызмет етіп келе жатқан адал ұлдары мен қыздарын тәрбиелегені үшін алғыс айтты.

– Мінез отбасында қалыптасады. Сіздердің қамқор аналық аялы алақандарыңыз бен сүйіспеншілікке толы жүректеріңіз қылмыспен күресетін және адамдардың заңды құқықтарын қорғайтын сенімді адамдарды өсірді, – деп атап өтті ол.

Кездесу жылы атмосферада өтті. Айдын Қабдұлдинов аяулы аналарға гүл шоқтары мен алғыс хаттарын табыс етті. СҚО ПД мәдени орталығының вокалдық тобының әртістері полицейлердің аналарын қазақтың ұлттық әуендерімен қуантты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру