Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері тұрғылықсыз жайдан қару тапты

Ақмола полицейлері тұрғылықсыз жайдан қару тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 наурыз күні “Қару” ЖПІШ барысында Атбасар ауданының криминалдық полиция қызметкерлеріне Атбасар қаласында темір-бетон комбинаты ауданындағы бөлшектелген көпқабатты ғимараттардың бірінің жертөле үй-жайында қару-жарақ пен оқ-дәрілер бар екендігі туралы ақпарат келіп түсті.
Бұл факт ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері мен Атбасар қаласының №1 мекемесінің қызметкерлері екі қабатты тұрғын емес үйдің жертөле үй-жайынан 5,6 мм калибрлі барабан үлгісіндегі тапаншаға ұқсас затты тауып, тәркіледі. Баллистикалық сараптама тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру