Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері халықпен ақпараттық жұмыс жүргізіп жатыр

СҚО ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері халықпен жаппай ақпараттық жұмыс жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әр түрлі себептермен құжаттарды уақытылы өзгертпеген жеке адамдар денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау саласындағы негізгі қызметтерге қол жеткізе алмайды. Олардың жағдайын аумақтық полиция бөлімдеріне хабарласу арқылы түзетуге болады. Солтүстік Қазақстан облысындағы көші-қон қызметі бөлімшелерінің қызметкерлері азаматтыққа тиесілігін анықтауға және жеке басын куәландыратын құжаттарды алуға көмек көрсету бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Өткен жылы 28 солтүстікқазақстандық өзекті құжаттардың иегері атанды. Тәртіп сақшылары үгіт жұмыстарын жүргізіп, адамдарды өздерінің құқықтық мәртебесін реттеу үшін көші-қон қызметіне жүгінуге шақырады.

– Үгіт жұмыстары түрлі алаңдарда жүргізіліп жатыр. Азаматтардың сенімін арттыру мақсатында көші-қон қызметі басқармасы бөлімшелерінің қызметкерлері “Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесіне” қатысып, көші-қонға байланысты кез келген мәселелер бойынша, әлеуметтік желілердің тікелей эфирлерінде, өңірлік коммуникациялар қызметінде кеңес береді. Қызметкерлердің телефондары интернет-ресурстарда орналастырылған. Айта кетерлік жайт, өтініштер саны артып келеді және 2023 жылдың қаңтарында 5 адам 1974 жылғы үлгідегі паспортты жеке куәлікке ауыстырды, – деп хабарлайды СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру