Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО ПД ЖҚАЖ жауынгерлері атыс қаруынан оқ атудан I орын алды

СҚО ПД ЖҚАЖ жауынгерлері кәсіби мерекелері қарсаңында атыс қаруынан оқ атудан I орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Карабиннен практикалық ату жарысында бірінші орынды облыстық полиция департаментінің жедел қимылдайтын арнайы жасағының солтүстікқазақстандық сарбаздары иеленді.

5 наурыз күні 6637 Ұлттық ұланның оқу орталығында арнайы бөлімше қызметкерлеріне арналған сайыс өтті. Солтүстік Қазақстан облысы полицейлерінің жеңісі бөлімшенің құрылу күніне арналған тамаша сыйлық болды.

Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ осыдан тура 21 жыл бұрын – 2002 жылдың 5 наурызында құрылды. Бастапқыда бұл патрульдік полиция батальонының құрамындағы жедел мақсаттағы взвод болатын. Бір жыл ішінде ол ерекше мақсаттағы мәртебеге ие болып, жылдам қимылдайтын арнайы жасақ болып қайта құрылды. 2016 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің құрылымдық бөлімшесіне айналды. Жасақ штаты қызметтік-қолданбалы спорт түрлері бойынша разрядтары мен спорттық атақтары бар, кәсіби дайындалған, дене бітімі дамыған қызметкерлердің есебінен кеңейтілді.

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жылдам қимылдайтын арнайы жасақ жауынгерлері тәулік бойы кезекшілікте, қауіпті қылмыскерлерді, билік өкілдеріне қарсылық көрсетіп, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін адамдарды ұстауға қатысады.

2017 жылғы ірі су тасқыны кезінде жасақтың жеке құрамы тәулік бойы ең күрделі және қауіпті учаскелерде жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері төтенше жағдай пайда болу қаупі кезінде халықты қорғауды қамтамасыз етіп, су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетті. Сонымен қатар жауынгерлер азаматтардың мүлкін күзетіп, ағы суға тосқауыл үйінділерді салуға көмектесті.

2017 жылы арнайы бөлімшенің офицерлері елордалық әріптестеріне Ислам ынтымақтастығы ұйымының бірінші саммиті барысында және 2019 жылы Астанада өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы кезінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге көмектескен.

Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қатарына қосылуға заңгерлік немесе дене шынықтыру және спорт саласында арнайы орта немесе жоғары білімі бар, бойы 175 см-ден төмен емес, 35 жастан аспаған адамдар үміткер бола алады. Сондай-ақ жауынгерлік спорт түрлері немесе ату бойынша біліктілік разрядтарының болуы міндетті. Толығырақ мына телефон арқылы білуге болады: +7-777-082-99-67, +7-778-968-88-77.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру