Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО ПД мәдени орталығының вокалдық тобы облыс аудандарында концерт өткізді

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер дәстүрлі түрде Наурыз мейрамын қайырымдылықпен қарсы алады. Облыстық полиция департаментінің мәдени орталығының вокалдық тобы облыс аудандарында концерт өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Смирново аудан орталығында погондағы әртістер әлеуметтік қызмет көрсету орталығының зейнеткерлерін өз таланттарымен қуантты.

– Наурыз мейрамы — аға буынға ризашылық білдірудің тағы бір себебі. Бұл жерде өз уақытында біздің өңірдің дамуына лайықты үлес қосқан адамдар көп. Сіздерге мықты денсаулық пен қажымас қуат тілеймін!, — деп атап өтті СҚО ПД бастығының орынбасары Сәуле Андағұлова.

Орталық басшылығына Андағұлова “Қазақ салт-дәстүрлері” кітабын сыйға тартты. Вокалдық топтың бай репертуарындағы өлеңдер зейнеткерлерді жастық шағындағы кезеңге қайтарып, заманауи эстраданың патриоттық әндерімен жігерлендірді.

Мағжан Жұмабаев ауданы Полудино ауылындағы өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне Сәуле Андағұлова қиындықтарға мойымай, алдына мақсат қойып, оларға қол жеткізуді тіледі. Полиция қызметкерлері Орталықтың жиі қонақтары. Ұлдар мен қыздармен әр кездесу жылы атмосферада өтеді. Құттықтауға мекеменің бастықтары – жол полициясының ардагерлері қосылды. 20 жылдан астам уақыт бойы олар тәрбиеленушілерді қолдап келеді. Балалар вокалистермен бірге ән айтып, би биледі. Полиция қызметкерлерінің қойған концертінен кейін олар келіп жеткен көктемге өлеңдер мен әндер арнап, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Қайырымдылық, балалар мен зейнеткерлерге қамқорлық жасау – құқық қорғау органдарының бұрыннан келе жатқан жақсы дәстүрі. Бұл полицияның адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталғанын тағы бір еске салады. Мереке күндерін полицейлер дәстүрлі түрде жерлестері мен қонақтарының тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғап, қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасында өткізетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру