Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында сотталғандар Ұлттық спорт күнін атап өтті

Абай облысы ҚАЖД-ға қарасты №20 мекемеде сотталғандар Ұлттық спорт күнін атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласының қауіпсіздігі орташа мекемесінде жазасын өтеушілер арасында тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тарту секілді халыққа кең таралған ұлттық спорт ойындары бойынша жарыс өтті.

Аталған спорттық іс-шараларды ұйымдастырудағы мақсат – сотталғандарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, жат мінездерінің алдын алу.

Арқан тарту жарысына білек күші мықтылар қатысып, дода көркін  қыздырды. Қызықты да тартысты өткен жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медальдармен марапатталды.

– Ұрпақ тәрбиесінде өзіндік орны ерекше қазақтың ұлттық ойыны – тоғызқұмалақ бүгінде жастар арасында зор қызығушылыққа ие. Тоғызқұмалақ ойынының тарихы төрт мың жыл бұрын басталған. Ойын жоғары интеллектуалды спорт түріне жатады, – деп атап өтті сотталгандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бойынша бөлім бастығы М.Бахытбек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру