Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейі газтұмылдырықтардан коллекция жинауда

СҚО полицейі газтұмылдырықтардан коллекция жинауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстікқазақстандық полицей ерекше хоббимен айналысады. Облыстық Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы екінші батальонының полиция аға сержанты Эльдар Алимкин азаматтық қорғаныс тарихына әуес.

Оның коллекциясында радиациялық қорғаныс құралдары, жауынгердің химиялық қорғаныс костюмінің жиынтығы, тиісті әдебиеттер де бар. Негізгі коллекциясы – газтұмылдырықтар.

Бүгінгі таңда ол олардың отыз шақты түрін жинап қойған. Бәрінен бұрын жасалған ПМК-1 газтұмылдырығы, химиялық қорғанысы бар матадан жасалған капюшонымен бетперделі қорапты КЗО-Т газтұмылдырығы 1970 жылы шығарылған. Эльдар газтұмылдырықтардың түрлері туралы қызыға айтады. Бірі ұшқыштарға арналса, енді бірі ракеталық әскер жауынгерлеріне, үшіншісі азаматтық тұлғаларға арналған.

Полицейдің бұл әуестігін жұмысында патриоттық тәрбиенің құралы ретінде бағалап құптайды. Әзірше үйдегі мұражайға келетіндер – әріптестері мен жолдастары. Дегенмен ғаламторда азаматтық қорғаныс тарихымен әуестенетін бірлестіктер жетерлік. Олар өзара ақпаратпен және коллекцияларындағы үлгілермен алмасады. Жары Виктория жолдасының газтұмылдырықтарға деген құштарлығын қолдайды.

– Оның қолдауы мен үшін аса маңызды, стратегиялық объектілерде кезекшілік атқарып, үйге шаршап қайтқан кезде мені үйде тек жылулық қана емес, қызықты әңгімелер де күтеді деп білемін, – дейді Алимкин.

Ұлы Руслан да әкесінің хоббиіне қызығады, тек үш жасар бала газтұмылдырықтарда ерекше ойыншықтарды көреді.

Болашақта Эльдар коллекциясын толықтырып қана қоймай, нағыз музей етіп жабдықталған жеке үй-жай ашуды көздейді. Мұндай экспозициялар әскери кафедраның курсанттарына және әскери-патриоттық тақырыпқа қызығушылық танытатындарға қызықты болады деген сенімде.

– Азаматтық қорғаныс тарихы – жалпы тарихымыздың бір бөлігі және өте қызықты. Тарихты білуіміз қажет, – дейді погондағы коллекционер. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру