Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Жедел жәрдем станциясына тұрғызып беремін”: Қызылордада алаяқ ұсталды

“Жедел жәрдем станциясына тұрғызып беремін” деп қызылордалықты алдап кеткен алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 маусым күні қала тұрғыны алаяқтың құрбаны болғаны туралы Қызылорда қалалық Полиция басқармасына арызданған.

Осы жылдың ақпан айында бір әйел кісі сеніміне кіріп, медициналық жедел-жәрдем станциясына жүргізуші қылып жұмысқа тұрғызып беремін деп 400 мың теңге ақшасын алған. Бірақ осы күнге дейін уәдесін де орындамаған, ақшасын да қайтармаған.

Жедел-іздестіру шараларының барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол 46 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Оған қатысты “ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат” түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру