Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде бірнеше ұрлыққа қатысты күдіктілер анықталды

Ақтөбеде бірнеше ұрлыққа қатысты күдіктілер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 12 мамырында Ойыл ауданындағы үйлердің бірінің жанына қойылған Lada автокөлігінен белгісіз адамдар бірден төрт дөңгелекті ұрлап кеткен. Жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері аталған қылмысты жасады деген күдікпен Ақтөбенің екі тұрғынын ұстады.

Алдын ала тергеу барысында күдіктілер Әйтеке би ауданы аумағында үш мал ұрлығын мойындады. Ағымдағы жылдың ақпан және мамыр айларында күдіктілер Әйтеке би ауданының үш ауылында сарайдан сегіз бас қой ұрлап, сатқаны анықталды. Ұсталғандарға қатысты 188 (Ұрлық), 188-1 (Мал ұрлығы) баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция қызметкерлері облыс тұрғындарынан қырағы болуды және өз ауыл шаруашылығы жануарларының сақталуын қамтамасыз ету бойынша барлық сақтық шараларын қолдануды, сондай-ақ мал ұрлығына жол бермеу үшін уақтылы шаралар қабылдауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру