Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда бағдаршамды ұрлап кеткендер ұсталды

Қарағандыда бағдаршамды ұрлап кеткендер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 маусымда Қарағанды қаласының ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне бір ЖШС басшылығынан белгісіз біреулер бағдаршамдарды басқаруға арналған құрылғыны ұрлап кеткені туралы хабар түсті. Құрылғы сауда үйлерінің біріне орнатылған болып шықты. Келтірілген шығын мөлшері 800 мыңнан астам теңгені құрайды. Ең бастысы, бағдаршам өшірілгендіктен жол қауіпсіздігіне қауіп төндірді.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында полиция қызметкерлері екі күдіктіні – 49 және 60 жастағы ер адамдарды анықтап, ұстады. Олар кінәсін мойындап, айғақты заттар алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру