Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері 22 жастағы петропавлдықтан экстази мен мефедрон тәркіледі

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері 22 жастағы петропавлдықтан экстази мен мефедрон тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлдың 22 жастағы тұрғыны тамыз айының соңында солтүстікқазақстандық есірткі қылмысына қарсы күресушілердің назарына іліккен. Тәртіп сақшыларына жігіттің есірткілерді таратуға қатысы болуы мүмкін деген ақпарат келіп түскен.

Жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде күдікті ұсталды. Тұрғылықты жері бойынша тінту барысында одан ұнтақ тәрізді зат салынған полимер түйіншектер табылды. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 31 грамды құрады. Сараптама бұл психо белсенді зат “мефедрон” – кокаиннің синтетикалық аналогы екендігін көрсетті. Тәркіленген зат 500-ге жуық бір реттік қолданылатын дозаны құрайды. Бұнымен күдіктінің есірткі саудасындағы “ассортименті” шектелмейді.

– Оның жауабын тексеру кезінде полицейлер “жасырылған зат” деп аталатын дәрілерді тәркіледі. Таблеткалар психотроптық зат MDMA, немесе “экстази” деген атпен белгілі метамфетамин болып шықты. Айта кететін болсақ, бұл биылғы жылы СҚО-да метамфетаминді тәркілеудің алғашқы жағдайы. Аса ірі мөлшердегі есірткі заттарымен заңсыз айналысу фактісі ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктіге қатысты күзетпен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды, — деп нақтылай кетті СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Иван Терзиди.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру