Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері адамдарды құтқаруда ерекшеленген облыс тұрғындарын марапаттады

СҚО полицейлері адамдарды құтқаруда ерекшеленген облыс тұрғындарын марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО Полиция департаментінде Алғыс айту күніне орайластырылған салтанатты жиын өтті. Салтанатты іс-шараны қызметкерлердің балалары дайындаған көктемнің керемет биі ашты. Ведомство бастығы Марат Төлебаев жиналғандарға мерекенің тарихы жайлы айтып, солтүстікқазақстандық полицияда 20-дан астам ұлт өкілі қызмет атқарып жүргенін еске салды. Олардың арасында өткен ғасырдың сұрапыл жылдарында Солтүстік Қазақстанға жер аударылған барлық дерлік халықтың өкілдері бар. Полиция майоры Сергей Трайлиннің атасы мен әжесі этникалық немістер, еңбек армиясына 1941 жылы шақырылған. Сергей Трайлиннің қолында алғыс хат бар. Соңғы болған боранда ол басқа қызметкерлермен бірге екі баласымен жүкті әйелді қар құрсауынан құтқарып қалды.

– Біздің облысымыз республикадағы ең көп ұлтты өңірлердің бірі ретінде саналады. Өңірдегі ынтымақ пен келісімнің болуы барлық солтүстікқазақстандықтардың еңбегі. Бұл күні біздер ата-бабаларымыз бен аналарымызға, соғыс және еңбек ардагерлеріне алғыс айтамыз. Әсіресе, жас қызметкерлерді тәрбиелеуге үлес қосып жүрген ІІО ардагерлеріне құрметіміз ерекше, – деді ведомство бастығы Марат Төлебаев.

Марапатталғандардың ішінде – қызметкерлерге патриоттық тәрбие беруге қосқан үлесі үшін ішкі істер органдарының ардагерлері және қоғамдағы бірлікті нығайтатын Қазақстан халқы Ассамблеясының Солтүстік Қазақстан филиалының өкілдері бар.

Ауа райының сынағы полиция қызметкерлеріне іздеу-құтқару жұмыстары кезінде көмекке келген адамдарды тағы бір рет марапаттауға себеп болды. Аққайың ауданындағы “Салют” ЖШС директоры Андрей Бутко, Явленка ауылдық округіндегі “Заря” шаруа қожалығының механизаторы Александр Метринский, “Тайынша-Агро” ЖШС менеджері Қуаныш Мәмбетов марапатталды.

Есіл ауданы полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің бастығымен бірге Бірлік ауылының тұрғыны Абзал Сәдуақасов та марапатқа ие болды. 23 ақпан күні бір сағат бойы іздеп, олар боранда адасып кеткен 7 және 17 жастағы ағайынды екі баланы тапқан.

Облыстың тағы алты тұрғынына аудандық полиция бөліністерінен алғыс хаттар табысталмақ. Полицейлер құқықтық тәртіп пен әл-ауқатты қолдаудағы әр адамның күш-жігерін жоғары бағалайды. Бүгін оларға алғыс айтылып, Полиция департаментінің мәдени орталығы ән шырқады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру