СҚО полицейлері аграрийлерге астық жинау науқаны кезеңінде өз мүліктерін қорғауға көмектесуде
СҚО полицейлері аграрийлерге астық жинау науқаны кезеңінде өз мүліктерін қорғауға көмектесуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
20 тамыздан бастап СҚО полицейлері “Астық” жедел-профилактикалық іс-шарасы режимінде жұмыс істеуде. Оның мақсаты – астық жинау науқаны кезеңінде астық өнімдерін, жанар-жағармай, гербицид мен ауыл шаруашылық техникасының қосалқы бөлшектерін ұрлау фактілерін анықтау мен жолын кесу. Криминалдық полицияның тәжірибелі қызметкерінен, учаскелік инспекторлар, патрульдік полицейлер қатарынан мобильді топ құрылды.
Республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдарды, елді мекендердегі, даладағы жолдар тәртіп сақшыларының қадағалауында. Ілеспе құжаттарының барын анықтау үшін астық тасымалдайтын ауыр жүк көліктеріне тексеріс жүргізілуде. Сондай-ақ алқаптар, элеваторлар маңы, астық токтары, ауыл шаруашылық объектілері назарға алынды, олардың саны облыста 100-ден аса.
– Тәжірибе көрсеткендей, астық жинау науқаны кезінде қылмыстық қолсұғушылық саны күрт артады. Көбіне маусымдық жұмыс кезінде кәсіпорын жұмысшыларының ұрлыққа қатыстылығы кездеседі. Аталған саладағы қылмыстардың талдауы тиімді қарсы іс-қимыл жүйесін құруға мүмкіндік береді. ЖПІШ шеңберінде жеке құрам ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге көмек көрсетуге, кәсіпорындардың басшылығымен және күзетімен тығыз байланыс жасауға бағдарланды, — дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мадияр Харипов.
Іс-шара 10 қазанға дейін жалғасады.