Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері әлеуметтік желілерде тұрғындардың сауалдарына ден қоюды жалғастыруда

Солтүстікқазақстандық полицейлер әлеуметтік желілерде тұрғындардың сауалдарына ден қоюды жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстікқазақстандықтар өзекті проблемалардың және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етумен байланысты сұрақтардың шешімін табу үшін әлеуметтік желілерді қолдануда. Азаматтардан хабарландырулар жол белгілері мен таңбаларына, учаскелік полиция инспекторларының қызметіне, Жол жүрісі және абаттандыру қағидаларының бұзушылықтарына және т.б. тақырыптарға қатысты сұрақтар келіп түседі.

Наурыз айының басында Полиция департаментінің ресми аккаунттарына қаланың өміріне бейжай қарамайтын тұрғындары жүгініп, жаяу жүргіншілерге қауіп төндіретін учаскедегі өткел туралы айтты.

– Настя Прокопичеваның ескерткіші тұрған аумаққа назар аударуларыңызды сұраймыз. Өйткені жүргізушілер Брусиловский көшесінен Кәрім Сүтішев көшесіне саябақ арқылы тура жол жасап алған, – делінген хабарламада.

Әкімшілік полиция қызметкерлері ақпаратты қабылдаған соң “Петропавл қалалық әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімі” КММ-ның мердігер ұйымы Театральная көшесіндегі саябақта қозғалысты шектеу шараларын жүргізді. Атқарылған жұмысқа риза болған облыс орталығының тұрғындары алғыстарын жолдады.

– Біз сервистік жұмыс моделі, ашықтық форматында жұмыс істеуді жалғастырудамыз. Аталған міндеттер Мемлекет басшысымен Қазақстан халқына арналған Жолдауда атап көрсетілді. Қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету сұрақтары ұдайы бақылауда, – дейді СҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев.

Полицейлер ақпан айында азаматтардан түрлі тақырыптарға қатысты келіп түскен 48 сұрақ бойынша шаралар қабылдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру