Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері алимент төлемей АҚШ-та жүрген әйелді іздеп тапты

СҚО полицейлері алимент төлемей АҚШ-та жүрген әйелді іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыздың 28 мен 30 аралығында СҚО полицейлері борышкерлерді, алимент төлемеушілерді және туыстық байланыстарын жоғалтқан тұлғаларды іздестіру бойынша акция өткізді. Акция басында өндірісте 75 іздестіру ісі болған. Оның жартысы дерлік балаларды қараусыз қалдырған ата-аналармен байланысты болған. Бір жағдайда баланың анасы іздеуде жүрген.

СҚО Полиция департаменті көші-қон қызметкерлерінің ақпараты бойынша, ҚР 40 жастағы азаматшасы 12 жастағы баласын бұрынғы күйеуімен қалдырып, өзі РФ Түмен қаласына кетіп қалған. Тиісті сұрау салулардан кейін полицейлер әйелдің АҚШ-қа кетіп, тұруға ықтияр хат алғанын анықтаған. Іздестіру жұмысы нәтижесінде оның жүрген жері белгілі болды. Алимент төлеуден жалтарған әйелге жеке сот орындаушысына хабарласу қажеттігі туралы жеткізіліп, барлық қажетті ақпарат іздеу салған адамға жіберілді.

– Жалпы акцияның алғашқы күнінде іздеуде жүрген 14 адам анықталды: 4 борышкер, 7 алимент төлемеуші және туыстық байланыстарын жоғалтқан 3 адам. Бұл ретте, 5 адам облыс аумағынан тыс жерде анықталды, 2 – шетелде. Арақашықтық жұмысты қиындата түседі, бірақ бағындырылмайтын кедергі емес. Іздеу жұмысы ұдайы негізде жалғасатын болады. Жалпы жыл басынан көші-қон қызметінің барлық үш бағыты бойынша 93 адам есепте тұрған, қазіргі уақытта 43 адамның жүрген жері анықталды, – деп хабарлады СҚО Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ермек Нұсырбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру