Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері арнайы мақсаттағы бөлімше қызметкерлерін мерейтойымен құттықтады

СҚО полицейлері арнайы мақсаттағы бөлімше қызметкерлерін мерейтойымен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде арнайы мақсаттағы бөлімшенің 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Оның қызметкерлері жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларына қолдау көрсетеді, қауіпті қылмыскерлерді, есірткі сатушыларды, ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелерін ұстауға қатысады.


СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов бөлімше жауынгерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың құқықтық тәртіпті қорғау ісіндегі рөлін және адамдарды қорғауға, қылмыстық қол сұғушылықтардың жолын кесудегі тұрақты дайындығын атап өтті.


Бөлімшенің жетістіктері мен дамуына қосқан үлесі үшін қызметтің 12 қызметкері мен ардагері көтермеленді. Оларға алғыс хаттар мен грамоталар табыс етілді, үш жауынгер “Қазақстан полициясына 30 жыл” медалімен марапатталды. Салтанатты рәсімнен кейін облыстық полиция ведомствосының акт залының сахнасында СҚО ПД мәдени орталығының вокалдық тобы ұйымдастырған мерекелік концерт өтті. Погон таққан әртістердің әндері бөлімше қызметкерлері үшін қызметтік жұмыс күндеріндегі жарқын үзіліс болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру