Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында сотталғандар медициналық тексерістен өтті

Қызылорда облысында сотталғандарға кешенді тексеріс жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Шаймерден Есенкелдиевтің бастамасымен ҚАЖД №60 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтардың денсаулық жағдайы бойынша шешімін таппай жатқан сауалдарға жауап беру мақсатында Қызылорда қалалық №3 емхана бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Л.Ахмет пен дәрігерлердің қатысуымен кешенді тексеріс жұмыстары жүргізілді.

– Біздің мақсатымыз – сотталғандардың денсаулық жағдайын, олардың жай-күйін бақылап, мазалап жүрген сауалдарына жауап беру, – деді Қызылорда қалалық №3 емхананың бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Л.Ахмет.

ҚАЖД-ның бастығы сотталғандардың денсаулығына қажеттілікті мекеме тарапынан талап ету жазасын өтеуші азаматтардың ажырамас құқығы екенін атап өтті. Кешенді тексеру барысында мамандар 150-ге жуық сотталган азаматтарды қабылдап, 20-ға жуық сотталғанды денсаулық жағдайына байлынысты портал кезегіне қойды.

Сонымен қатар жылжымалы кешеннің көмегімен ультрадыбыстық зерттеу жүргізіліп, 20-дан астам сотталғанды тексеруден өткізіп, тиісті медициналық ем ұсынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру