Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында ПД-ның ұйымдастыруымен спорттық жарыс өтті

Жамбыл облысында ПД-ның ұйымдастыруымен “Әкем, анам және мен – спортшы жанұя” жарысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының полиция департаменті Халықаралық Отбасы күніне орай ҚАЖД және облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиямен бірлесіп Динамо спорт кешенінде мемлекеттік басқарма өкілдері мен еріктілер арасында командалық жарыс ұйымдастырды.

Бұл іс-шараның басты мақсаты – отбасылық, адамгершілік құндылықтарды насихаттау, отбасы институтын нығайту және оның проблемаларына жұртшылықтың назарын аудару.

5 кезеңнен тұратын жарысқа 6 команда қатысып, түрлі кедергілерден өтiп, эстафеталық таяқшамен доптарды жүргізіп, өздерінің спорттық шеберліктері мен дағдыларын көрсетті.

Барлық қатысушылар өте белсенді ойын өрнегін танытты. Спорттық іс-шара жылы және достық атмосферада өттi. Қызықты сайыстың нәтижесінде Тараз қаласы полиция басқармасының “Сұңқар” командасы жеңіске жетті. Екінші орынды Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының “Қыран” командасы, үшінші орынды – “Lider.kz” еріктілер ұйымы иеленді.

Қатысушы командаларға дипломдар беріліп, жеңімпаздар кубоктарға ие болды. Сонымен қатар қатысушыларға футбол доптары, теннис ракеткалары және “Тоғыз құмалақ” үстел ойыны түріндегi естелік сыйлықтар табыс етілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру