Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері ауыл тұрғындарынан мылтық пен оқ-дәрілер тапты

СҚО полицейлері ауыл тұрғындарынан мылтық пен оқ-дәрілер тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері “Қару” ауқымды республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуді жалғастыруда. Оның мақсаты – қарудың криминалдық ортаға түсуіне жол бермеу және қару қолданып қылмыс жасау ықтималдылығын болдырмау. Осы мақсатта қару иелері тексеріліп, заңсыз сақтау фактілері анықталуда.

Тәжірибе көрсеткендей, тіркелмеген қару қауіпсіздік шараларынсыз сақталып жатады, қараусыз қару ұрлануы мүмкін не қылмыстық мақсатта пайдаланылуы мүмкін. Осындай жағдай мамырдың 21-і Ғ. Мүсірепов ауданында анықталды. Екі жасөспірім баласымен бірге тұратын 43 жастағы ауыл тұрғыны 16 колибрлі дара ұңғылы “ИЖ” мылтығын жатын бөлмедегі шкафтың артында сақтап келген. Оның сөзінше, мылтықты жуырда көлдің жағасынан тауып алған. Қауіпті зат алынып, иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 482-бабы (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша материал жиналды.

Ал Аққайың ауданының 60 жасар тұрғынына қатысты қылмыстық материал жиналды. Бұл ер адамнан тәртіп сақшылары ойық қару анықтаған. Колибрі 5,6 мм “ТОЗ” винтовкасы 38 оқ-дәрісімен қапқа оралып, гаражда сақталып келген. Ер адам 2019 жылы танысының тұрғылықты жерін ауыстырған кезінде қоя тұруға тастап кеткенін айтқан. Қазір полицейлер бұл ақпаратты тексеруде.

– Тіркелмеген қару қауіп төндіреді. Мамырдың 17-сі бастау алған “Қару” ЖПІШ кезінде облыста заңсыз сақтаудағы 11 бірлік қару алынды. 98 заңды өкіл тіркелген қаруды сақтау ережелерін бұзса, тағы 15 адам қайта тіркеу мерзімдерін бұзған. Олардан жол берілген бұзушылықтарды жойғанға дейін, уақытша сақтауға 125 бірлік қару алынды, – дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға испекторы Құрман Мусин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру