Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері бұрын жасалған 6 мал ұрлығын ашты

СҚО полицейлері екі күн ішінде бұрын жасалған алты мал ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28-30 қараша аралығында СҚО полицейлері “Мал ұрысы” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жұмыс істеуде. Тәртіп сақшылары ветеринария қызметімен бірлесіп мал тасымалдайтын автокөліктерге және ет өнімдеріне, ет сататын орындарға күшейтілген тексеріс жүргізуде. Қажетті құжаттардың болмауы – мал ұрлығына қатысын анықтауға негіз болады.

Сондай-ақ есепте мал ұрысы, ұрланған малды сатып алушы, қасапшы ретінде тұрған тұлғалар тексеріледі. Осындай жұмысты жүргізу кезінде ветеринария саласында ҚР заңнамасының 21 әкімшілік құқық бұзушылығы және малды еркін жаюдың 69 фактісі анықталды.

– Малды еркін жаю – мал ұрлығын жасауға ықпал ететін негізгі факторлардың бірі. Сондай-ақ жедел-профилактикалық іс-шараның екі күнінде бұрын жасалған алты мал ұрлығы, оның 5-уі – “өткен жылғы” санатындағылар. Олардың барлығы еркін жайылымда орын алған. Қаңғып жүрген малға, ұрланған малдарды тасымалдау мен сатуға қарсы күрес аталған қылмыс түрінің алдын алудың маңызды элементтері саналады, – деді СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мадияр Харипов.

Сондай-ақ жедел-профилактикалық іс-шараның екі күнінде 113 шаруа қожалығы, мал жайылымдары мен фермалар тексерілді. Қызылжар және Жамбыл аудандарында тіркелмеген қаруды заңсыз сақтау фактілері анықталды. Жергілікті тұрғындардан заңсыз сақталған ИЖ және ТОЗ мылтықтары алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру