Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері кибереріктілермен кездесіп, автошеру өткізді

СҚО полицейлері кибереріктілермен кездесіп, автошеру өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 маусымда Петропавлда халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған автошеру өтті. Автокөлік жүргізушілері полиция мен қала басшылығының үндеуіне қосылып, қолдау білдірді. Тақырыптық жалауларды ілген 15 автокөлік қала көшелерімен жүріп өтті.

Қатысушылардың бірі Сергей Кивалов өзін жастар орталығы шақырғанын айтты.

– Мен осындай іс-шараларға бірнеше рет қатыстым, жастарға есірткіден бас тартуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақыруды жеткізу маңызды деп санаймын, – дейді ол.

Сол күні СҚО Полиция департаментінде кибереріктілермен жұмыс кездесуі өтті. Бүгінгі таңдағы есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелері талқыланды. Бүгінде дилерлер есірткіні қашықтықтан сатумен айналысады, жастарды «оңай табыс» уәделерімен алдайды. Дүниежүзілік ғаламторда есірткі сататын жаңа «интернет-дүкендер» ашылуда. Әлеуметтік желілерде есірткі курьерлерін тарту жайлы хабарландырулар пайда бола бастады. Олар жұмыс орны ретінде ұсынылып, шын мәніндегі мақсаты жасырылады. Оларға қарсы күресте ерікті, нашақорлыққа қарсы күресте ниет білдірген адамдар көмектесе алады.

– Күдікті интернет-сілтемелерді полицияға жіберіп, әркім көмек көрсете алады. Бұл оңай: басқарма қарым-қатынас үшін ашық, әлеуметтік желілерде аккаунттары бар. Жыл басынан бері ІІМ-ге 98 сілтеме жолданды. Олардың 76-сы тиісті тексеруден кейін бұғатталды. Айта кету керек, оның ішінде 5 сілтеме облыс өміріне бейжай қарамайтын тұрғындардан қабылданды, – дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Иван Терзиди.

Жыл басынан СҚО аумағында 110 есірткі қылмысы анықталды, оның 41-і өткізу фактісі. 82 келіден астам түрлі есірткі тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру