СҚО полицейлері «Көкшетау – Омбы» бағытындағы автобустың жолаушыларына көмекке келді
СҚО полицейлері «Көкшетау – Омбы» бағытындағы автобустың жолаушыларына көмекке келді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Көкшетау – Омбы» бағытындағы автобустың жолаушылары қыркүйектің суық күні жылылыққа толы бейнежазба жолдаған. Олар жол үстінде қалған кезде қол ұшын созған СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне алғыстарын білдірген.
Автобус «Көкшетау – Омбы» автожолының 141 шақырымында Ақжарқын ауылының маңында сынып қалған. Жүргізушілер өз күштерімен жөндей алмаған. Автобус іші суып қалған. Абырой болғанда, тоқтап тұрған көлікті ППБ қызметкерлері Дархан Әміржанов пен Ілияс Қайыргелді байқап қалады. Қызметкерлер автобус жолаушыларын жол-жөнекей өтіп жатқан көліктерге отырығызып жіберген. Полицейлердің іс-әрекеттеріне риза болған жолаушылардың бірі Анастасия Столярова, анасы және автобус жүргізушісімен бірлесе алғысқа толы бейнежазба жазып, кейін СҚО ПД мекенжайына жолдаған.
– Сол күні суық болды, өткір жел соғып, қар ұшқындады, көліктің іші де тез суып кетті, жолаушылар «163» патрульдік автокөлігінде кезекпен жылынып тұрды. Мені және анамды алып кету үшін әкем жеке көлігімен Омбыдан шықты. Барлық жолаушыларды жөнелткеннен кейін анам екеуіміз ғана қалдық. Қызметкерлер бізді көліктеріне отырғызып, әкемнің алдынан шықтық, осы кезде барлығы жақсы болатынына сендік, – делінген жазбада.
Автобустың қасында түнгі экипаждың ауысымы қалды. Жүргізушіге көмек келіп жеткеннен кейін полицейлер өз жұмыстарын жалғастырды.
– Экипаж мүшелері кезекшілікке түсерде жол үстінде қиын жағдайда қалған адамдарға көмек көрсетуге бағдарланады. Жолға шыққан әр жолаушыға қамқорлық көрсету – қызметкерлердің міндеті. Атқарған жұмыстары үшін білдірген адамдардың жылы лебіздері қызметкерлерді жігерлендіре түседі, – дейді ПД ППБ командирінің орынбасары Уәлихан Оразалин.